Қырғыз депутатын қамау мерзімі 6 айға созылды

Қырғыз депутатын қамау мерзімі 6 айға созылды

Қырғыз депутатын қамау мерзімі 6 айға созылды
ашық дереккөзі
Алматы соты Қырғыз Жогорку Кенешінің депутаты Дамирбек Асылбекұлын қамау мерзімін 6 айға созу туралы шешім шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. «Дамирбек Асылбекұлына қатысты бұлтартпау шарасы туралы Алмалы аудандық сотының  санкциясы 15 тамызға дейін созылды», - деді баспасөз қызметінен. Еске салайық, ағымдағы жылдың ақпан айында оңтүстіктегі 3 облыс пен Алматы қаласында жүргізілген арнайы операция барысында 35 адам ұсталды. Олардың арасында кеден органының, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бар. Арасындағы үшеуі Қырғызстан азаматы. Оның бірі - Қырғызстанның Жогорку Кенешінің депутаты Дамирбек Асылбек. Кейін ол мандатынан айырылды. Сот санкциясымен 35 күдіктінің 33-і қамауға алынды. Арнайы операция барысында мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай аймағында орналасқан Алтынкөл, Қалжат және Қорғас кеден бекеттері, Қазақстан-Қырғызстан аймағында орналасқан Қордай мен Қарасу бекеттері мен Қазақстан-Өзбекстанның Сарыағаш, Қазығұрт, Атамекен, Қапланбек шекара аймақтары арқылы  тауарларды контрабандалық жолмен тасымалдау анықталған.