Елімізде ең жоғары ақы төленетін мамандықтар анықталды
Елімізде ең жоғары ақы төленетін мамандықтар анықталды
Жоғары сұранысқа ие мамандықтардың көш басын «Жалпы құрылыс» факультеті бастап тұр. Еліміз бойынша осы салалық білімді 35 оқу орны ұсынып отыр. Себебі бұл салада еңбекақы жоғары. Мұнай-газ ісі мамандығын таңдаған түлектерде – 250 мың теңге. Ал ең төменгі жалақы Биотехнология факультетінің түлектерінде – 70 мың теңге. Жұмысқа орналасу көрсеткішінің пайыздық үлестері де ұқсас, біріншісінде 84 пайыз болса, соңғысында 56 пайыз. Айта кетейік, жыл соңына дейін ұлттық кәсіпкерлер палатасы 50-ден астам мамандықтың рейтингін ұсынбақ. «Рейтинг не береді. Біріншіден, биылғы түлектерге бағдар береді. Қай мамандықпен қандай жоғары оқу орнында қалай дайындайтынын көрсетеді. Бұл баға – тікелей жұмыс берушінің бағасы»,- дейді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Талғат Ешенқұлов.