«НҰР-Медиа» холдингі бас директорының орынбасары тағайындалды
«НҰР-Медиа» холдингі бас директорының орынбасары тағайындалды
«НҰР-Медиа» холдингі бас директорының орынбасары қызметіне Максим Споткай тағайындалды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өзінің Фейсбук парақшасында жазды.
«Ол өзінің еңбек жолын біздің партияның Ақсу қалалық филиалында бастады. Осыған дейін ол «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі болды. БАҚ саласы мен ақпараттық саясат бағытында тиісті тәжірибесі бар», - деп жазды Мәулен Әшімбаев өз парақшасында.
Оның сөзіне қарағанда, Максим орталық деңгейде партиядағы жұмысы барысында өзін жақсы жағынан көрсете білді.
«Дәл осындай адамдар болашақта біздің партияның келбетін айқындайтынына сенімдімін. «Нұр Отан» партиясын жүйелі жаңғырту аясында ақпараттық саясатымыз саласында маңызды трансформациялар жүргізудеміз. Осы орайда, партиялық медиа-холдингтегі жаңа кадрлар оның жұмысын жоғары сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді деп үміттенемін», - деп атап өтті М. Әшімбаев.
Естеріңізге сала кетейік, биыл шілденің басында Ләззат Танысбай «НҰР-Медиа» холдингінің бас директоры болып тағайындалды.