КВН-ның бұрынғы ойыншысын пышақтап кетті

КВН-ның бұрынғы ойыншысын пышақтап кетті

КВН-ның бұрынғы ойыншысын пышақтап кетті
ашық дереккөзі
Ақтөбенің Көңілді және тапқырлар клубының бұрынғы мүшесі Данияр Әлімбаевты Ақтауда өлтіріп кетті, деп хабарлайды Lada.kz сайты. Мәлім болғандай, Д.Әлімбаевты 21 шілдеге қараған түні пышақтап кеткен. Ол екі санына салынған жарақат салдарынан көз жұмды. Оқиға сағат 03.30 шамасында 6-шағын аудандағы көңіл көтеру орындарының бірінде болған. «Түнде өте ауыр жағдайда екі аяғы жарақаттанған ер адам жеткізілді. Бір аяғында күретамыр мен жоғары көктамырларына зақым келген. Оған шұғыл түрде ота жасалды, кейін ол жансақтау бөліміне ауыстырылды», - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде. Қайғылы оқиғаның мән-жайын КВН-ның бұрынғы мүшесінің достары айтып берді. «Түнде дәмхана жанында төбелес болды. Данияр шетте тұрған еді. Бірақ арадағы біреу оның аяғына пышақ салып алды. Ауруханаға жеткізілгенімен, өмірін сақтап қала алмады. Ол көп қан жоғалтты», - деді көз жұмған ер адамның досы. «Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер ұсталды. Үшеуі де Ақтау тұрғындары», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен. Қаза болған 32 жастағы Данияр Әлімбаевтың артында әйелі мен төрт баласы қалды. Ол Ақтөбенің КВН-нан құрама командасының бұрынғы мүшесі. Сондай-ақ Сочидегі фестивальда маңғыстаулық КВН ойыншыларымен бірге Батыс Қазақстанның құрамасында болды.