Жалағаш мұражайында Жамбыл Жабаевтың домбырасы сақтаулы

Сондай-ақ!

Мұрат БАҚЫТИЯРҰЛЫ: Нұрбесік ауылы – Байқоңырдың күйін кешіп отыр (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы Көктал-1 шағынауданы шетінде бейресми атауы Нұрбесік деп аталатын ауыл бар. Бейресми дейтін себебіміз бұл елді мекеннің бой көтере бастағанына 12 жылдан асса...

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды BBC. Прокуратура дәрігер футболшыны абайсызда өлтіруі мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр. ВВС Аргентинаның Todo...

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру мен сақтау үшін жүргізіліп жатқан шаралар туралы тоқталып өтті. "Үкімет заманауи мұрағат қызметінің...

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, - деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік декорацияға былтырдан қалған шыршалар мен...

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану мұражайында жыр алыбы – Жамбыл Жабаев пен оның немересі Әлімқұл Жамбылов қолданған домбыра сақтаулы тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім болғандай, аталмыш домбыраның мұражай төрінде тұрғанына биыл 12 жылға жуықтаған. Оны жыр алыбы – Жамбылдың өзі тартқан екен.

1927 жылы Алматы облысында дүниеге келген Әлімқұл ағамыз атасы – Жамбылдың тәрбиесін көріп өседі. Өзі де беріде айтысқа түсіп, талай жыр додаларында сөз бәсекесіне түседі. Олардың қатарында Манап Көкенов, Надежда Лушникова сынды сөз зергерлері бар. Атасы Жамбыл мен қазақтың көптеген ақын-жырауларына арнау жазған. Жарты ғасырдан астам мәдениет саласында жемісті қызмет жасаған ол, 2015 жылы дүниеден озды.

«Бұл домбыраны 1982 жылы Әлімқұл Жамбылов ғалым-фольклортанушы Мардан Байділдаевқа сыйға тартқан. Сол жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында республикалық айтыс өткен екен. Домбыра біздің мұражайға 2006 жылы қабылданды. Оны Мардан Байділдаевтың қызы Жанат Байділдаева өткізді. Домбыраның шанағы қатты ағаштан шабылған. Атасы тартқан домбыра шанағынан басқа бөліктерінің барлығын Әлімқұл Жамбылов қайта қалпына келтірген екен», – деді Жалағаш аудандық музейінің ғылыми қызметкері Марат Ақмырзаұлы.

Домбыра жетісулық үлгіде жасалған.  Шанағы ұзын, бесбұрышты. Мойынтұғыр жағы сүйірлеу. Түйметұғыр жағы төртбұрышты. Екі бүйірі түйметұғыр тұсынан бастап жоғарылай сәл кеңейе келе, дыбыс ойығы тұсына бір елідей жетпестен мойынтұғырына қарай тарыла түскен. Мойны жіңішке әрі ұзындау. Арқасы үшкірлі дөңестеу болып келген. Шанағының беті қарағаймен, ал қапсырма беті жұқа тақтайшамен жабылған. Дыбыс ойығы адам шынашағының ұшы сиярлықтай. Бастырығы мен түпкі тиегі жоқ. Мойынының сырты жұмырланып, беті еңгіштеліп тегістелген. Мойын мен шанақтың ортасында, яғни домбыраның сағасында жіңішке темір жапсырылып түйінделген. Құлақ тесіктері қос шектің ара қашықтығына ыңғайланып, сәл ғана қиғаштау тесілген.

Музейдің негізгі қорында №761 санымен тіркелген бұл домбыраның құндылығы ерекше жоғары екені сөзсіз.

 

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Алматыдан 170 шақырым жерде жер сілкінді

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 қарашада Алматы уақытымен 23...
Нұрбесік

Мұрат БАҚЫТИЯРҰЛЫ: Нұрбесік ауылы – Байқоңырдың күйін кешіп отыр (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы Көктал-1 шағынауданы шетінде бейресми атауы Нұрбесік деп аталатын ауыл бар....
Марадона

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды...
мұрағат

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру...
шырша

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, -...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...