Денис Теннің шетелдегі жанкүйерлері аза тұтуда

Денис Теннің шетелдегі жанкүйерлері аза тұтуда

Денис Теннің шетелдегі жанкүйерлері аза тұтуда
ашық дереккөзі
Денис Теннің шетелдегі жанкүйерлері Қазақстан елшіліктеріне келіп аза тұтуда. Қаскөйлер қолынан қаза тапқан спортшы Денис Теннің түрлі мемлекеттердегі жанкүйерлері Қазақстан елшіліктері алдына гүл әкеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  width=«Кеше Латвия астанасындағы Қазақстан консулдығы алдына Денис Тенді еске алуға келген адамдар жиналды. Бүгін Мәскеудегі ҚР Елшілігінде көңіл айту кітабы ашылды», - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. Сонымен бірге, Ресейдегі Қазақстан елшілігі Денис Тенді құрметпен еске алғысы келгендер үшін ғимарат алдына спортшының портретін қойды. Одан бөлек, Чехиядағы Қазақстан Елшілігі ғимараты алдына Денис Теннің жанкүйерлері майшам мен гүл әкеліп жатыр. «Чехия мен Словакиядағы Қазақстан Елшілігі арамыздан ерте кеткен қазақстандық спортшының жақындары мен туыстарына көңіл айтады», - делінген хабарламада. 19 шілде күні Алматыда Қазақстан халқының ең сүйікті спортшыларының бірі Денис Тен қаскөйлер қолынан қаза тапты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің ата-анасына қоңырау шалып, көңіл айтты.