Lexus Toyota көліктерінің айнасына сұраныс жоғары

Алматы қалалық ІІД Денис Теннің өлімінен соң қаладағы автобөлшектер саудасы бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Полицейлер Алматыдағы көлік тонаушылар туралы айтты Полиция өкілдері ұрланған автобөлшектердің қай жерде сатылатынын айтты.

«Ұсталған бөлшектер көбінесе Carcity, Тұлпар базарларында сатылады. Көпшілік жағдайларда  Lexus Toyota көліктерінің айнасына сұраныс жоғары», – деді қалалық ІІД Бөтеннің мүлкін ұрлауды әшкерелеу бөлімінің басшысы Алексей Стрельцов. Сонымен қатар, полиция өкілдері жеке территорияларды прокурордың санкциясынсыз тексеруге құқықтарыныңт жоқ екендігін айтты. «Полиция ұсталған бөлшектер сатылатын каналдарды тексеріп отырады. Автобөлшек орындарының тізімі бар. Олар үнемі тексеріліп тұрады. Бірақ, жеке территорияларды прокурордың санкциясынсыз тексеруге қақымыз жоқ.», – деді ол. Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын.  2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.  Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті – 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button