Бейсенбі, 6 Қазан, 2022

Қазақ мультфильмі әлем назарында

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «Күлтегін» атты толықметражды анимациялық фильмі Португалияда өтетін Халықаралық кинофестивальдің негізгі бағдарламасына қатысады. 

Қыркүйектің 14-15 аралығында Португалияның Порту қаласында өтетін бұл фестиваль осымен екінші рет өткізіліп отыр. Бұл байқаудың мақсаты португалиялық және әлемдік фильмдерді кеңінен насихаттау. Дегенмен, фестиваль ұйымдастырушылары байқаудың басты бағыттарының бірі әлемге әйгілі киногерлермен қатар, танылуына кең мүмкіндіктері бар жаңа есімдерді ашу екенін айтты.

Қазақ мультфильмі әлем назарында

«Біздің ұлттық фильмнің әлемдік тұсаукесері осындай белді кинофестивальде өтетініне өте қуанып отырмыз. «Күлтегін» фильмі ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерлігі, бірлігі мен ауызбіршілігі, олардың тұрмысы мен салт-дәстүрлері туралы. Күлтегін – бұл тұтас бір дәуірдің тарихи тұлғасы. Сондықтан да фильм батыс көрермендеріне қызықты болады деп үміттенемін. Қазылар алқасының да көңілінен шығып, жүлделі орыннан көрінетінімізге кәміл сенемін»,- деді фильмнің режиссері Адай Әбілда.

Қазақ мультфильмі әлем назарында

Естеріңізге сала кетсек, жас режиссер-аниматор Адай Әбілданың қолынан шыққан бұл тарихи анимациялық туынды көшпенді халықтардың басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған Түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жастық шағы туралы баяндайды.  Айта кетсек, «Күлтегін» фильмі шілде айының басында Астана қаласында өткен XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің «Еуразия жүрегінде» атты конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіліп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button