Инновацияның игілігі

Сондай-ақ!

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны тәркіледі –  деп хабарлады  ҚазАқпарат . «Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «коронавирус инфекциясымен ауырған бір...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла ҚР Энергетика министрлігінің және бірқатар облыс әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларының үстінен...

Баласын әжетханаға тастап кеткен әйел ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды

Бүгін, 27 қарашада осыдан бірнеше күн бұрын босанып, жаңа туған сәбиін пакетке орап, әжетханаға тастап кеткен 19 жасар колледж студенті ауруханадан шығарылды. Сәби суықта...

Агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге көшіру аясында осы жылы «Қаскелең тәжірибелік шарушылығы» ЖШС базасында «Нақты егін шаруашылығын жүзеге асыру үшін инновациялық агротехникалық паркі» («Қаскелең» агропаркі) пилоттық жобасы құрылды. Оның негізгі бағыттары – жүгері, соя, жаздық бидай, арпа және басқа да перспективалы дақылдарды өсіру. ҚР АШМ баспасөз қызметі дәл осындай мәтіндегі ақпаратпен бөлісті.

Ғылыми-өндірістік агропарктерінің дамуы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін арттыру және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды кемінде 2,5 есеге арттыру жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау аясындағы басты міндеттерінің бірі болып табылады.
«Қаскелең» агропаркінде ұсынылған Қазақстан үшін бірегей объектісі ретінде тәжірибе алқабтарында «автопилот» режимінде дәнді-дақылдарды жинауды көрсеткен толық автоматтандырылған John Deere S760 комбайны болды. Алқабтың электронды картасына арнайы ойластырылған бағдарлама алқабтағы астық жинау машинасын адамның қатысуынсыз басқарады.

Инновацияның игілігі

Жоба агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге көшіру аясында іске асырылған және электронды суаруды енгізуден бастап, дрондардың көмегімен жерді қашықтықтан алдын ала тексеру, роботтандырылған астық жинау және спутникпен байланысты метеостанцияға дейін тыңайтқыштарды автоматты түрде енгізу сияқты нақты егін шаруашылығының бірқатар шаралар кешені қамтылған.
Шараға ҚР АШМ және «ҰАҒБО» КеАҚ басшылығы, Алматы және Алматы облысы әкімдіктерінің өкілдері, сонымен қатар, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ және т.б. шетелдік аграрлық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев атап өткендей, іс-шара ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге үздік сұрыптардың өнімділігін арттыру үшін әзірленген жаңа технологияларды енгізу нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік берді. Олардың ішінде No till – суарылмайтын жерлерде қарқынды өсімдіктерді егіп өсіру технологиясын ерекше атап өтуге болады.

Инновацияның игілігі

«Қаскелең» агропаркі аумағында нақты егін шаруашылығының элементтерін енгізу тәжірибе алқабтарында өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.Мәселен, жаздық бидайды дәстүрлі және инновациялық технологиялар арқылы өндіру шығындарының айырмашылығы бірден байқалады. Дәстүрлі технология кезінде таза пайда 85 мың теңге/га құрайды. Ал инновациялық технологияларды пайдалану кезінде 232,5 мың теңге/га. Осындай сараптамалар тәжірибелік жолдары арқылы басқа да дақылдар: жаздық арпа, жүгері гибридтері, соя түрлеріне де жүргізілген. Инновациялық технологиялардың барлық экономикалық көрсеткіштері дәстрүрліден жоғары.

Инновацияның игілігі

Ауыл шаруашылығы министрлігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар бизнеске қосымша шығынсыз үздік әлемдік жетістіктерді пайдалануға мүмкіндік береді. Өйткені, ауыл шаруашылығындағы ең тиімді шешімдерді трансферттеу, бейімдеу және апробациясы шығындарын мемлекет өзіне алып отыр. Агропарктер алқаптарындағы тиімділік көрсеткіштерінің дәлелі және қолданылуға алынған технологиялар отандық бизнеске экономикалық шығындарын айтарлықтай төмендетуге және өнімділіктерін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
2018 жылы «Қаскелең» агропаркі базасында нәтижелерді тарату үшін 200-ден астам фермер оқытудан өтті.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Отандық PR жөнінде онлайн декада

23-27 қараша аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...