Инновацияның игілігі

Инновацияның игілігі

Инновацияның игілігі
ашық дереккөзі
Агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге көшіру аясында осы жылы «Қаскелең тәжірибелік шарушылығы» ЖШС базасында «Нақты егін шаруашылығын жүзеге асыру үшін инновациялық агротехникалық паркі» («Қаскелең» агропаркі) пилоттық жобасы құрылды. Оның негізгі бағыттары – жүгері, соя, жаздық бидай, арпа және басқа да перспективалы дақылдарды өсіру. ҚР АШМ баспасөз қызметі дәл осындай мәтіндегі ақпаратпен бөлісті. Ғылыми-өндірістік агропарктерінің дамуы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін арттыру және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды кемінде 2,5 есеге арттыру жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау аясындағы басты міндеттерінің бірі болып табылады. «Қаскелең» агропаркінде ұсынылған Қазақстан үшін бірегей объектісі ретінде тәжірибе алқабтарында «автопилот» режимінде дәнді-дақылдарды жинауды көрсеткен толық автоматтандырылған John Deere S760 комбайны болды. Алқабтың электронды картасына арнайы ойластырылған бағдарлама алқабтағы астық жинау машинасын адамның қатысуынсыз басқарады.  width= Жоба агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге көшіру аясында іске асырылған және электронды суаруды енгізуден бастап, дрондардың көмегімен жерді қашықтықтан алдын ала тексеру, роботтандырылған астық жинау және спутникпен байланысты метеостанцияға дейін тыңайтқыштарды автоматты түрде енгізу сияқты нақты егін шаруашылығының бірқатар шаралар кешені қамтылған. Шараға ҚР АШМ және «ҰАҒБО» КеАҚ басшылығы, Алматы және Алматы облысы әкімдіктерінің өкілдері, сонымен қатар, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ және т.б. шетелдік аграрлық кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев атап өткендей, іс-шара ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге үздік сұрыптардың өнімділігін арттыру үшін әзірленген жаңа технологияларды енгізу нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік берді. Олардың ішінде No till – суарылмайтын жерлерде қарқынды өсімдіктерді егіп өсіру технологиясын ерекше атап өтуге болады.  width= «Қаскелең» агропаркі аумағында нақты егін шаруашылығының элементтерін енгізу тәжірибе алқабтарында өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.Мәселен, жаздық бидайды дәстүрлі және инновациялық технологиялар арқылы өндіру шығындарының айырмашылығы бірден байқалады. Дәстүрлі технология кезінде таза пайда 85 мың теңге/га құрайды. Ал инновациялық технологияларды пайдалану кезінде 232,5 мың теңге/га. Осындай сараптамалар тәжірибелік жолдары арқылы басқа да дақылдар: жаздық арпа, жүгері гибридтері, соя түрлеріне де жүргізілген. Инновациялық технологиялардың барлық экономикалық көрсеткіштері дәстрүрліден жоғары.  width= Ауыл шаруашылығы министрлігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар бизнеске қосымша шығынсыз үздік әлемдік жетістіктерді пайдалануға мүмкіндік береді. Өйткені, ауыл шаруашылығындағы ең тиімді шешімдерді трансферттеу, бейімдеу және апробациясы шығындарын мемлекет өзіне алып отыр. Агропарктер алқаптарындағы тиімділік көрсеткіштерінің дәлелі және қолданылуға алынған технологиялар отандық бизнеске экономикалық шығындарын айтарлықтай төмендетуге және өнімділіктерін жоғарлатуға мүмкіндік береді. 2018 жылы «Қаскелең» агропаркі базасында нәтижелерді тарату үшін 200-ден астам фермер оқытудан өтті.