Жаңалықтар

Инновацияның игілігі

ашық дереккөзі

Инновацияның игілігі

Агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге көшіру аясында осы жылы «Қаскелең тәжірибелік шарушылығы» ЖШС базасында «Нақты егін шаруашылығын жүзеге асыру үшін инновациялық агротехникалық паркі» («Қаскелең» агропаркі) пилоттық жобасы құрылды. Оның негізгі бағыттары – жүгері, соя, жаздық бидай, арпа және басқа да перспективалы дақылдарды өсіру. ҚР АШМ баспасөз қызметі дәл осындай мәтіндегі ақпаратпен бөлісті. Ғылыми-өндірістік агропарктерінің дамуы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін арттыру және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды кемінде 2,5 есеге арттыру жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау аясындағы басты міндеттерінің бірі болып табылады. «Қаскелең» агропаркінде ұсынылған Қазақстан үшін бірегей объектісі ретінде тәжірибе алқабтарында «автопилот» режимінде дәнді-дақылдарды жинауды көрсеткен толық автоматтандырылған John Deere S760 комбайны болды. Алқабтың электронды картасына арнайы ойластырылған бағдарлама алқабтағы астық жинау машинасын адамның қатысуынсыз басқарады. «Қаскелең» агропаркі аумағында нақты егін шаруашылығының элементтерін енгізу тәжірибе алқабтарында өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.Мәселен, жаздық бидайды дәстүрлі және инновациялық технологиялар арқылы өндіру шығындарының айырмашылығы бірден байқалады. Дәстүрлі технология кезінде таза пайда 85 мың теңге/га құрайды. Ал инновациялық технологияларды пайдалану кезінде 232,5 мың теңге/га. Осындай сараптамалар тәжірибелік жолдары арқылы басқа да дақылдар: жаздық арпа, жүгері гибридтері, соя түрлеріне де жүргізілген. Инновациялық технологиялардың барлық экономикалық көрсеткіштері дәстрүрліден жоғары.