513,3 млрд. теңге инвестиция тартылды

513,3 млрд. теңге инвестиция тартылды

513,3 млрд. теңге инвестиция тартылды
ашық дереккөзі
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баспасөз мәслихатында тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд. теңге инвестиция салынғанын айтты. Құрылыс саласында биыл 12,1 млн. шаршы метр тұрғын үйді немесе 103 мыңнан астам баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Республика бойынша 49 667 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 20 532 жеке үй бар. «Мемлекет басшысының бастамасы бойынша ипотеканы одан әрі дамыту және төлем қабілеті бар халықты қолдау мақсатында «7-20-25» жаңа ипотекалық несиелендіру бағдарламасы енгізілді. Биыл тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд. теңге инвестиция салынды. Бұл өткен жылғыдан 28,4% жоғары. Төмен пайызды ипотека жаңа құрылыстан баспана алуға беріледі. Ұлттық банктің дерегі бойынша биыл 4 шілдеден бастап кредиттік комиссияның қарауына өтініштер түсе бастады. Бүгінгі күні 148 өтініш жолданып, 1,1 млрд. теңге болатын 95 ипотекалық кредит мақұлданды», - деп хабарлады министр.