Беларусиядан жүлделі қайтқан ер Ернар

Беларусиядан жүлделі қайтқан ер Ернар

Беларусиядан жүлделі қайтқан ер Ернар
ашық дереккөзі
«Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде 1 орын алған Ернар Садырбаев Астанада баспасөз мәлихатын өткізді. Әншінің продюсері Жан Мұқанов Әміренің жақында ресейлік телеарнаның жаңа шоуына қатысуы мүмкін деп хабарлады. «Бізге ресейлік телеарналардан ұсыныстар түсіп жатыр. Атап айтқанда, «Россия» телеарнасында жаңа шоу ашылады. Ұйымдастырушылар Ернарды сарапшы болуға шақырды. Бірақ сарапшы болудың қызық емес екенін кесіп айттым. 23 жастағы баладан қандай сарапшы шығады? Одан да шоудың өзіне қатыстырайық деп ұсыныс білдірдім», – деді продюсер Жан Мұқанов. Сондай-ақ, продюсер әншінің болашақтағы образы жөнінде баяндады. «Алдағы уақытта Ернардың қазақстандық әртістерге ұқсамайтын ерекше жаңа стилін қалыптастырамыз. Төреғали секілді той әншісін жасамаймын Форматы да, образы да мүлдем басқа болады. Бүгін таңертең қоңырау түсіп, Ернарды үйлену тойында өнер көрсетуге шақырды. Бірден бас тарттық. Қазір бұл маңызды емес. Шынында да, қазақстандық әртістер тойларда ғана жақсы табыс табады. Ал біз концерттен қаражат табуға тырысамыз», – деп өз сөзін түйіндеді продюсер. Айта кетсек, «Әміре» (Ернар Садырбаев) Беларусьте өткен «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде жүлделі 1 орынды жеңіп алған еді. 2015 жылы бұл байқауда қазақстандық Димаш Құдайберген бас жүлдені иеленген болатын.