Жаңа жоба үшін Дүниежүзілік банк Қазақстанға грант берді

Жаңа жоба үшін Дүниежүзілік банк Қазақстанға грант берді

Жаңа жоба үшін Дүниежүзілік банк Қазақстанға грант берді
ашық дереккөзі

Елімізде «Қазақстанда энерготиімділікті арттыру» жобасы басталды. Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму министрлігі мен Дүниежүзілік банк хабарлады.  

Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік  банк Қазақстанға 21,7 миллион доллар грант беріп отыр. Бөлінген қаражат мемлекеттік және әлеуметтік нысандардың энерготиімділігін арттыруға, институциялық базаны, оның ішінде энерго үнемдеу мен энерготиімділікті арттыру саласындағы жобаларға жұмсалады деп жоспарлануда.

«Қазақстанда энерготиімділікті арттыру» жобасы мемлекеттік және әлеуметтік ғимараттарда, оның ішінде мектеп, балабақша, аурухана мен көшедегі жарық беруде энергияны тиімді пайдалануды қалыптастыруды көздейді. Бұл жоба 2016 жылы Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында салынып жатқан 19 әлеуметтік нысанда жүзеге аспақ. Айта кетейік, әлеуметтік нысандарды салу кезінде жылу және жарық беру жүйелері ауыстырылады.