Абай музейі асқақтай түсті

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің бірнеше тарихи ескерткіштеріне республикалық мәртебе берілді. Абай шаңырағына қарасты ғимараттардың күтіп ұсталуын мейлінше жақсарту мақсатында, қорық-музейдің әкімшілігі Мәдениет және спорт министрлігіне арнайы хат жазған. Бұған дейін республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесі Абай қорық-музейінің құрамындағы үш тарихи ескерткіш: Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенелер кешеніне, Абайдың музей-үйіне және Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің музей-үйіне берілген. Енді Семейдегі ХІХ ғасырда ақын келіп-кетіп тұрған  көпес үйлері, ақынның 150 жылдық мерейтойына арнап салынған күмбезді ғимарат, музей ауласындағы кезінде Абай оқыған Ахмет-Риза мешіт-медресесі және қазір «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейі орналасқан, кезінде Абай сатып әперген Әнияр Молдабаев үйі реставрациялық жөндеуден өтіп, тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесі берілмек.

Back to top button