Жаны жайсаң РЕБИЧ

Жаны жайсаң РЕБИЧ

Жаны жайсаң РЕБИЧ
ашық дереккөзі
Естімеген елде көп. Өткен жексенбіде әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленген Хорватия құрамасының шабуылшысы Анте Ребич 500 ауылдасының несиесін жауып берген көрінеді. Ребич курортты Сплит қаласынан 45 минуттық жердегі  Имотски қалашығында дүниеге келген. Бұл туралы футболшының досы Ловро Шиндик хабарлаған. «Жасөспірім кезінде ол қызуқанды болатын, алайда  онысын түзей білді. Өзінің туған Имотски қалашығында ол бір кездері 500 тұрғынның несиесін жауып берген еді", – деді Шиндик.