Сәбидің үні сүйкімді

Сәбидің үні сүйкімді

Сәбидің үні сүйкімді
ашық дереккөзі
Соңғы бес айдың ішінде Қарағанды облысында жаңа туған сәбилер саны 39 адамға артқан. АХАТ органы 9163 жаңа туған сәбиді тіркеген. Соның ішінде 7399 нәресте – қалалық жерде және 1764 сәби – ауылдық жерде дүниеге келген. Сәбилердің арасында ұлдардың үлесі 52,8 пайызды құраса, қыздар ˗ 47,2 пайыз. Яғни, әр 100 қыз балаға 111,7 ұлдан келіп отыр. Сондай-ақ, облыстық АХАТ органы 3 277 неке мен 2 106 ажырасу фактісін тіркеген. Өткен жылмен салыстырғанда неке саны артып, ажырасу көрсеткіші 0,5 пайызға кеміген. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің 2018 жылдың 1 маусымы бойынша жүргізген есебі нәтижесінде еліміздегі халық саны 18 253,3 мың адамға жеткен. Оның ішінде қала тұрғындары – 10 514,3 мың (57,6%), ауыл тұрғындары – 7 739,0 мың адамды (42,4%) құраған. 2017 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 239,1 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен.