Головкин үздік боксшылар тізімінде екінші орынға шықты

Головкин үздік боксшылар тізімінде екінші орынға шықты

Головкин үздік боксшылар тізімінде екінші орынға шықты
ашық дереккөзі

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин салмақ дәрежесіне тәуелсіз әлемдегі ең үздік боксшыларды анықтайтын Pound-for-Pound рейтингінде екінші орынға тұрақтады. Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады.

Геннадий Головкин америкалық боксшы Флойд Мейвезер мансабын аяқтағаннан кейін  екінші орынға көтерілген екен. Соңғы жекпе-жегін 12 қыркүйекте Лас-Вегаста Андре Бертоға қарсы өткізген кіші Мейвезер қарсыласын жеңгеннен кейін өзінің спорттық мансабын аяқтайтынын хабарлаған болатын. Айта кетейік, Флойд Мейвезер өзінің мансап жолында ешқашан жеңіліп көрмеген.

Геннадий Головкин екінші орынға тұрақтаған рейтингте Владимир Кличко көш бастап тұр. Ал үшінші орынға мексикалық спортшы Сауль «Канело» Альварес жайғасыпты.

Қазақстандық Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетіндігін естеріңізге сала кетейік. Бұл күні Головкин Давид Лемьемен кездеседі.