Дүкенге сұғын кірмек болған ұры терезе торына тұтылды

Дүкенге сұғын кірмек болған ұры терезе торына тұтылды

Дүкенге сұғын кірмек болған ұры терезе торына тұтылды
ашық дереккөзі

Дүкен тонамақ болған оралдық баукеспелердің жымысқы пиғылдары жүзеге аспай қалды. Нысан ішіне кірмек болған екі ұрының бірі терезе торына қыстырылып қалды, деп хабарлады "Мой Город" басылымы. Полицейлер бүгін таңғы сағат 4.00 шамасында көшеде жүгіріп бара жатқан ер адамды байқап қалған. Ер адамның ізінен ерген полицейлер дүкеннің терезесіне қыстырылып қалған тағы бір адамды көреді – оның аяғы дүкеннің сыртында қалғанымен, бас жағы ішке сұғынып үлгерген. Нысанды тонау үшін терезе арқылы кіргісі келген ер адамның әйнекті сындырып, дегенмен терезе сыртындағы торға жартылай қыстырылып қалғаны анықталды. Ыңғайсыз жағдайға тап болған ұрыны қыстырылған жерінен шығарып алу үшін тәртіп сақшылары ТЖД қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болды. Мамандар ұрыны арнайы құралдың көмегімен ғана шығарып алды. Оқиға орнына жедел-жәрдем қызметкерлері де жетті. Ұрлық жасап үлгермесе де, күдіктілердің заң алдында жауап беруіне тура келеді.