Жұма, 30 Қыркүйек, 2022

Алакөл – Жетісудың маржаны

Кейінгі жылдары аты жиі естіліп, көрші мемлекеттерден туристерді өзіне көптеп тартып жүрген жаздық демалыс орнының бірі – Алакөл. Қайталанбас көл табиғаттың қазақ еліне сыйлаған шипалы суы. Бүгінде суы мен балшығы радикулит, артрит, тері ауруларына ем болатын көл жағасында 200-ге жуық демалыс нысаны жұмыс істеп тұр.

Жетісудың маржаны саналатын айдынға жыл басынан бері 300 мыңнан астам демалушылар келіп-кеткен. Алматы мен Астанадан қатынайтын әуе бағыттарын пайдаланушылар қарасы қарақұрым. Мыңнан астам саяхаттау­шы әуе жолын таңдап, теміржолмен 15 мың жолаушы тасымалданды. Меймандардың алаңсыз тынығуына қажетті жаңа вокзал, аурухана салынып, инфрақұрылым толық тартылған. Жылына шамамен 20 шақты туристік нысандар ашылады. Таяу Ресейден келген туристер Алакөлді Байкалмен салыстырып, Алакөлдің артықшылығын айта келе, оның суы жылы, қауіпсіз әрі денсаулыққа пайдасы зор, тіпті, жер бетінде Алакөлдей пайдалы су айдыны жоқ деген пікірлер білдірді.

Таяу арада Көктұма және Ақши ауылдарының тұсындағы көлдің 12 шақырымдық бөгетін нығайту жұмыстары басталады. Оған мемлекет қоржынынан 2 миллиард теңге қаражат жұмсалмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button