81 жастағы қарияға көрсетілген көмек

81 жастағы қарияға көрсетілген көмек

81 жастағы қарияға көрсетілген көмек
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалы 2018 жылдың басынан бері 100-ден астам азаматтың мәселесін шешуге атсалысты. Партиядан көмек алғандардың бірі – 81 жастағы Ұмсын Ибрашева. Жиырма жыл бұрын жолдасынан айырылған Ұмсын Ибрашева қазір жалғыз тұрады. Қария партияның қалалық филиалынан көмек сұраған. «Соңғы жылдары екі бөлмелі пәтерде тыныс алу қиындап кетті. Өйткені пәтерім 20 жыл бойы жөндеу көрмеген болатын. Бірде «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалынан көмек сұрадым. Мені тыңдай отырып, көмектесуге уәде берді. Ал қазір бәрі түс секілді болып жатыр», – дейді ақтөбелік қарт әже. Партияның қалалық филиалы егде жастағы жанның түйткіліне құлақ түріп, жалғызбасты әжейге бірден көмек қолын созды. Әуелі болып Ақтөбе қалалық мәслихаттағы партия фракциясының мүшелері көмек көрсетті. Олар қаржылай қолдау білдіріп қана қоймай, зейнеткерді тұрақты қамқорлығына алған. Тұрмыс жағдайы нашар екенін білгеннен кейін азық-түлік әкеліп берді. Ал «Трансэнерго» АҚ барлық коммуналдық қарыздарын жапты. Сонымен бірге, депутаттар қаржы жинап, пәтерді жөндеуге уәде етті. Қазіргі уақытта Ұмсын Ибрашеваның пәтерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл идеяны жүзеге асыруға «Трансэнерго» АҚ БПҰ-ның төрағасы Аманбай Сакиев бастамашы болды. «Трансэнерго» қызметкерлері өз басшысын қолдап, бос уақытында жөндеу жұмыстарын жүргізе бастады. Бүгінгі күні жатын бөлмесіндегі қабырғалар тегістеліп, төбеге арнайы тұсқағаз жапсырылған. Жаңа линолеум де төселді. Зейнеткерді мүмкіндігінше тезірек қуанту үшін барлық жұмыс бір мезгілде жасалынуда. Жөнделген пәтерге «Трансэнерго» шеберлерінің қолымен жасалған шкафтар, асүйге арналған жиһаз әкелінеді.