Цифрлық сауаттылықты арттыру – маңызды қадам

Цифрлық сауаттылықты арттыру – маңызды қадам

Цифрлық сауаттылықты арттыру – маңызды қадам
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысының Жезқазған қаласына арнайы барып, өңірде жаңа партиялық жобалардың іске асу барысымен танысты. Партияның жаңа жобаларының негізгі бағыттарының бірі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты. «Нұр Отан» партиясы қазақстандық IT-компаниялар мен өңірлік жоғару оқу орындарының базасында 20 IT-орталық және тегін 1000 ІТ-сынып ашуды қолға алып, тиісті жұмыстарды бастап кетті. Жезқазғанға сапары кезінде партия Төрағасының Бірінші орынбасары оқушыларға бағдарламалау мен робот техникаларының негіздерін үйрететін IT-орталықтар мен IT-сыныптарға барды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «нұротандықтар» еліміздегі кітапханаларды заманауи білім орталықтарына айналдыру бастамасын қолға алып отыр. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары арнайы ат басын бұрған нысандардың қатарында Сәтбаев қаласындағы Орталық кітапхана да бар. Жаңа партиялық бастамалар шеңберінде онда заманауи «Co-working орталығы» ашылған. Мәулен Сағатханұлы ТМД мен Еуропа елдерінің аумағында алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі саналатын «Ұлытау Нан» нан зауытына бас сұқты. Зауытта барлық жұмыс процесі автоматтандырылған. Су физикалық, химиялық және ультракүлгін сүзгілер арқылы тазартылады. Ұнның сапасы да арнайы қондырғылар арқылы тексеріледі. Әр өнімге қажетті шикізатты компьютер есептеп, керек ұнның, тұздың және қанттың мөлшерін автоматты түрде анықтап береді. Дайын өнім Жезқазған мен Сәтбаев қалаларына және Қаражал мен Ұлытау аудандарына жеткізілетінін айта кеткен жөн. Зауыт Елбасы айқындап берген цифрландыру жөніндегі барлық талаптарға толық сай. «Партия Саяси кеңесінің отырысында Елбасы осы бағыттағы бірқатар жаңа жобаларымызды бекітіп, нақты тапсырмалар берді. Сондықтан қазір аталған бастамаларды жүзеге асыру партия жұмысының басым бағыты болып табылады. Сондықтан партия еліміз бойынша ІТ-сыныптар ашуды қолға алды. Осы ретте аталған сыныптарды Астана, Алматы сияқты ірі шаһарларда ғана емес, Жезқазған сияқты моноқалалар мен аудандарда ашып, орталықтан шалғайда жатқан елді мекендердегі балалардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, бәсекеге қабілетті болуына, болашақтың мамандықтарын игеруге жағдай жасауымыз керек. Осы тұрғыдан келгенде Қарағанды облысында атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантады. Облыс бойынша қазірдің өзінде бірнеше ІТ-сыныптар ашылып, жергілікті жастар заманауи білім алуда», – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында Жезқазғанда әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға арналған жатақхана қайта жаңғыртылып, жергілікті компаниялардың жас мамандарына берілген. Яғни, «нұротандық» кәсіпкерлер бұл жерде жаңа партиялық бастамалармен үндесетін бірнеше қызықты білім беру жобаларын іске қосқан. Айталық, ғимараттың бірінші қабатында «Open space library» аймағы – ашық электрондық кітапханасы орналасқан, ал жанында «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы бойынша ашылған – «Qazaq kluby» мен «English club» жұмыс істейді. Жатақханада дербес «Co-working орталығы», «Яркие умы» білім мен даму орталығы, «Лидерлер мектебі», «Business mentoring» және «Magic kitchen» орталықтары, шахмат пен тоғызқұмалақ ойынының студиясы бар. Партия Төрағасының тапсырмасы бойынша «нұротандықтар» аға ұрпақты қолдауға бағытталған тағы бір маңызды «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын іске асыруда. Одан бөлек, Жеңіс күні қарсаңында партияның бастамасы бойынша «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» іс-шарасы да қатар жүргізіліп келеді.