Нөсер жаңбыр салдарынан  530 үйді су басып қалды

Нөсер жаңбыр салдарынан  530 үйді су басып қалды

Нөсер жаңбыр салдарынан  530 үйді су басып қалды
ашық дереккөзі
Моңғолияның қазақтар көп қоныстанған Баян-Өлгей аймағында нөсер жаңбыр салдарынан су басқан үйдің саны 530-ға жетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Монцамэ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі кезде 530 үйді қызыл су алып кеткен. Үйсіз қалған 2512 тұрғын аймақтағы балабақша мен мектептердің ғимараттарына орналастырылып жатыр. Арнайы комиссиясының қорытындысына сәйкес, көптеген отбасылардың үйлері тұруға жарамсыз болып қалған. Апат салдарын жою жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр. Елдің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті табиғат апатының шығындарын есептеп, үйсіз қалғандарға көмектесуде.