Селден зардап шеккен 200 отбасыға көмек көрсетілді

Селден зардап шеккен 200 отбасыға көмек көрсетілді

Селден зардап шеккен 200 отбасыға көмек көрсетілді
ашық дереккөзі

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Алматы Орталық мешітінің өкілдері Алматыдағы су тасқынынан зардап шеккен 200 отбасыға көмек көрсетті. Қайырымдылық шарасы Наурызбай ауданы Қарағайлы ауылының мешітінде өтті. ҚР Бас мүфти Ержан Малғажыұлы Қарғалы өзені арнасынан асқан кезде зардап шеккен 200 үйді аралап, қаржылай көмек пен ұн, күріш, макарон, сұйық май сынды азық-түлік таратты. «Бүгінде Алматы қаласындағы мешіттер мен еліміздегі мешіттерден жылу жиналып, селден зардап шеккен Наурызбай ауданындағы тұрғындарға көмек көрсетіліп келеді. Бұл іс шара соның жалғасы. Алдағы уақытта да жалғасын табады. Адам баласы өмірде қауіп-қатер, жоқшылық сынды қиын жағдайлармен сыналады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Сөзсіз сендерді қорқынышпен, аштықпен және де малды, жанды әрі жемістерді азайту арқылы сынаймыз, алайда сабыр етушілерді сүйіншіле!», дейді. Демек, Алла Тағала қиындықтар алдында ұстамды болып, сабыр еткен жандарды зор сауап күтіп тұрғандығын ескертеді. Сабырлық қиындық пен қайғылы жағдайларда адам баласына күш-қуат беретін ерекше қасиет. Олай болса, өткінші қиындыққа сүрінбей, сабырдың сыйына бөленуді Жаратқан Алла баршамызға нәсіп етсін!», – деді Бас мүфти.