СІМ: Ақтауда бес ел Каспий мәртебесін талқылайды

СІМ: Ақтауда бес ел Каспий мәртебесін талқылайды

СІМ: Ақтауда бес ел Каспий мәртебесін талқылайды
ашық дереккөзі
"Каспий бестігі" елдерінің саммиті 12 тамызда Ақтауда өтеді. Барлық ел жиынға қатысатынын растаған. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов хабарлады. Министр саммитте нақты не талқылатынын айтқан айтқан жоқ - "күн тәртібін Қазақстан президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлайды". Қазақстандық ақпарат агенттіктерінің жазуынша, саммитте Каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияға қол қойылады. 2017 жылы 5 шілдеде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудегі саммитте "Каспий бестігіне" кіретін елдердің сыртқы істер министрлері Каспийдің 20 жыл бойы талқыланған құқықтық статусы жөніндегі конвенция бойынша келісімге келгендерін айтқан. Лавровтың сөзінше, құжат Каспий маңындағы бес ел президентінің қол қоюына дайын. Каспий туралы келісімдер әуелде Ресей мен Иран арасында ғана жасалды. 1813 жылғы Гүлстан, 1828 жылғы Түркіменчай келісімдерінде Ресейге көп артықшылық беріліп, ирандықтар кеме қатынасы құқығынан да қағылған. Алайда 1921 жылы және 1940 жылы жасалған келісімдерде Каспий Совет Одағы мен Иран арасындағы ортақ теңіз ретінде бекітілді.