Арқадан Алтайға
Арқадан Алтайға
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінің ұйымдастыруымен «Арқадан Алтайға» атты көрменің ашылу салтанаты өткізілді.
Көрменің ашылу салтанатына Әскери-тарихи музейдің директоры Перизат Утепова, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов, жазушы Әлібек Асқаров және т.б. қатысып құттықтау сөз сөйледі.
Көрмеге ежелгі және ортағасырлық көшпелілердің әскери тарихы мен өнерінен сыр шертетін жәдігерлер (садақ, жебе, қанжар, шақан, найзалар және т.б қару түрлері) қойылды.
Сондай-ақ, көрме аясындаӘскери-тарихи музейдің қызметкері Руслан Әшімовтің садақ атудан шеберлік сыныбы өткізілді.
Көрме 2018 жылдың 10 шілдесінен 10 тамызына дейін жалғасады.