Жаңалықтар

Айда күн тұтылмақ

ашық дереккөзі

Айда күн тұтылмақ

Шілденің 27-сінен 28-іне қараған түні Қазақстан тұрғындары сирек кездесетін, бірақ өте қызық, өзгеше астрономиялық құбылысты тамашалай алады. «Біздер - жердегілер үшін Жердің жартылай көлеңкесіне кіретін Ай, алдымен, жәйлап көзден ғайып бола бастайды. Кейін Айдың дискісін планетамыздың қара көлеңкесі біртіндеп жаба бастайды. Бұдан соң Ай толықтай Жердің көлеңкесіне енеді. Ең қызықты құбылыс осы кезде болады. Ай толығымен жоғалып кетпей, қою қызыл немесе қызғылт түске боялып, көрініп тұрады. Бұл түс түрлі тұтылу кезінде әртүрлі болып өзгеруі мүмкін», - деп түсіндірді профессор Тейфель.