Дональд Трамп Хельсинкиде «жаңылғанын» айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Хельсинкиде баспасөз мәслихаты кезінде айтқан сөздерінің мағынасын дұрыс түсіндіруге тырысып жатыр. Трампты «АҚШ арнайы қызметінен гөрі Путинге сенемін» деген мәлімдемесін әлем медиасы мен АҚШ-тың белді саясаткерлері сынға алып жатыр.

17 шілдеде президент Ақ үйде журналистерді жинап, қағазда жазылған мәтінді көрсетіп оқып, шын мәнінде «Ресей президентінен гөрі, америкалық арнайы қызметке көбірек сенетінін» айтпақ болғам дейді.

Ол АҚШ барлау қызметінің Ресей 2016 жылғы президент сайлауына араласты деген пайымымен келісетінін, бірақ олардың әрекеті дауыс беру нәтижесіне ешқандай әсер етпегенін мәлімдеді.

Трамп журналистерді жинар алдында бірнеше минут бұрын Сенаттағы республикашылдар лидері Митч Макконнелл Ресейге биыл сайлауға кедергі келтірмеуін ескертіп, қары жағдайда қосымша санкциялар саламыз деп мәлімдеген еді.

Back to top button