Жаңалықтар

Франциядағы тәртіпсіздік салдары

ашық дереккөзі

Франциядағы тәртіпсіздік салдары

Әлем чемпионатынан кейінгі Франциядағы тәртіпсіздік: Полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Франция футболдан әлем чемпионы атанғаннан кейін, оны тойлау кезінде бұл елдегі бірнеше қалада тәртіпсіздік болды, деп хабарлады РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. Parisien басылымының мәліметінше, Париждегі Елисей алаңдары ауданында тәртіпсіздік орнады. Жанкүйерлер сөрелерді, декорацияларды қиратып, бөтелке лақтырған. Полицияның көзден жас ағызатын газ қолдануына тура келді, кейін бұзақыларды қуу үшін суатқыш машина да пайдаланды. France Info радиостанциясының хабарлауынша, Лионда да полицейлер жанкүйерлерге қарсы көзден жас ағызатын газды қолданған, олар фан-зонаға жақын маңда полицейлерге бос банкаларды лақтырған. Кейін өртсөндірушілер бригадасы келіп, өртелген қоқыс бактарындағы қызыл жалынды сөндірді. Марсельде полицейлер түтіндеткіш снарядтар мен петардаларды атуға жол бермеді, себебі оларды қолдануға бұл елде тыйым салынған. Жеті адам ұсталды. Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты Ресейде өтті. Франция құрамасы тарихта екінші рет чемпион атанды, команда финалда Хорватия құрамасын жеңді. Кездесу жексенбіде Мәскеудегі "Лужники" стадионында өтіп, 4:2 есебімен аяқталды.