«Qazaq Air» жаңа рейстер ашпақ

«Qazaq Air» жаңа рейстер ашпақ

«Qazaq Air» жаңа рейстер ашпақ
ашық дереккөзі

Қазақстандық  «Qazaq Air» әуе компаниясының аймақтық әуе қатынастары желісі кеңеймек. Аталмыш әуе компаниясы үстіміздегі жылдың 17 қыркүйегінен бастап жаңа бағыт ашады.

«Qazaq Air»  әуе компаниясы ұсынып отырған Алматы – Қостанай рейсі 2 сағат 35 минутқа созылады. Бұл бағыт бойынша жолаушыларға 78 орындықтан тұратын Bombardier Q400 жаңа ұшағы қызмет етеді.  Алматы – Қостанай бағытында ұшу құны бір бағытқа 15 496 теңгеден басталады. Бағыт бойынша қызмет көрсету санаты  – эконом класс.

Сондай-ақ,  әуе компаниясы таяу аралықта Қазақстанның батыс аймағында да  жаңа бағыттар ашуды  жоспарлап отыр. Яғни, алдағы уақытта  «Qazaq Air»  әуе компаниясы Шымкент – Ақтөбе, Ақтөбе – Атырау, Қостанай – Ақтөбе бағыттары бойынша да қызмет көрсетеді.