Кілем жууға барған әйел 2 қызымен көз жұмды

Астанада 43 жастағы әйел екі қызымен бірге суға кетіп, көз жұмды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қайғылы оқиға 14 шілде күні 15:28-де болған. 1975 жылы туған әйел мен 2006 және 2007 жылы туған қос қызы өзен жағасында кілем жуып жатқанда суға ағып кеткен. Қаза тапқандардың денесін ТЖ комитеті орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару бөлімшесінің құтқарушылары алып шыққан. Мұнда күтпеген оқиға орын алып отыр, әйтсе де бұл жерде адамдардың жүруіне тыйым салынған», – деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, қаза тапқан отбасы  «Пригородный» тұрғын алабында тұрған. Олар Нұра-Есіл арнасының жағасында кілем жуған.

Айта кетейік, 2018 жылдың бір ғана маусым айында 4 бала суға кетті.

Back to top button