Астана тұрғындары қоқыс жәшіктерінің түсін өздері таңдай алады

Елорданың Сарыарқа ауданының әкімдігі қала тұрғындарына қоқыс жәшіктерінің түсін таңдауға қатысты сауалнама  жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

«Мамыр айында Қосшығұлұлы 25 мекенжайына контейнерлер алаңының жаңа дизайнын жасап, орнатқан болатынбыз. Оның сырты ағаш түстімен қапталып, ақпараттық тақтайша қойылған және оның түсі мен тиімділігі бойынша тұрғындардың пікірлерін білу мақсатында тестілеуден өткіздік. Жақында тұрғындардың жауаптарын алып, нәтижесінде «ағаш түсті» қалалық форматқа келмейтінін, ашық металлдың кіршең болатынын, жалпы фонда оның айқын көрініп тұратынын және «қоқыс жәшіктері» көзге байқалмайтындай болу керектігін білдік. Сонда да менің жеке өзіме осы ұнайды»,- дейді ол.

Арман Тұрлыбек жақын уақытта аулаларға қойылатын жәшіктердің дизайнын, оның алаңының түсін таңдау, сондай-ақ анықтама тақтайшаларына не жазу керектігін білу үшін тұрғындармен пікір алмасқысы келетіндігін атап өтті.

«Пікірлерге  Сізге ұнаған түстің нөмірін белгілеуіңізді немесе өз нұсқаңызды жазуыңызды сұраймыз. Көп дауыс санымен таңдалған нұсқаны дайындауға жібереміз. Сонымен бірге бүгінгі күні біз дәстүрлі контейнерлік алаңдарды ауданның 68 мекенжайына қосымша қойдық. Көктал 1, Агроқалашықтағы алаңдарды жөндеуді аяқтадық, енді Көктал 2-ге 40 жаңа алаң орнатуға кірісеміз», – дейді Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек.

Back to top button