Төртжылдықтың үздік құрамасы – Франция!

Күллі әлем жұртшылығын жасыл алаңға телмірткен, қаншама жанкүйерді Ресейге сүйреген футболдан XXI әлем чемпионаты осымен тәмам. Дидье Дешам шәкірттері топ жарып, үздіктердің үздігі атанды.

tag reuters.com2018 newsml RC13BE8CA7F0

Чемпионат барысында 14 гол соққан Франция құрамасы алтын кубокті екінші рет иеленді. Есеп 4:2. Ойын барысында автогол да болды, айып добын да көрдік. Бір айға созылған чемпионат қызығы әлі талай айтылатын болады. Дидье Дешам өзі ойнап, бапкер болып та атанған әлемдегі үшінші «ерекше чемпион» болса, Киллиан Мбаппе әлемдегі ең жас үшінші футболшы чемпион атанды.

tag reuters.com2018 newsml RC1E798501B0

Back to top button