Төртжылдықтың үздік құрамасы – Франция!

Төртжылдықтың үздік құрамасы – Франция!

Төртжылдықтың үздік құрамасы – Франция!
ашық дереккөзі
Күллі әлем жұртшылығын жасыл алаңға телмірткен, қаншама жанкүйерді Ресейге сүйреген футболдан XXI әлем чемпионаты осымен тәмам. Дидье Дешам шәкірттері топ жарып, үздіктердің үздігі атанды.  width= Чемпионат барысында 14 гол соққан Франция құрамасы алтын кубокті екінші рет иеленді. Есеп 4:2. Ойын барысында автогол да болды, айып добын да көрдік. Бір айға созылған чемпионат қызығы әлі талай айтылатын болады. Дидье Дешам өзі ойнап, бапкер болып та атанған әлемдегі үшінші «ерекше чемпион» болса, Киллиан Мбаппе әлемдегі ең жас үшінші футболшы чемпион атанды.  width=