Жаңалықтар

Франция VS Хорватия: әзірге 3 гол соғылды

ашық дереккөзі

Франция VS Хорватия: әзірге 3 гол соғылды

Франция мен Хорватия құрамалары арасындағы финалдық бәсеке «әу» дегеннен жанды ойынға ұласты. Дидье Дешам мен Златко Далич шәкірттері теңбіл топты екі қақпа арасында әрлі-бері теуіп, қақпашының жанды тұсын табуға асықты. Бұл әлем чемпионаты тарихының финалдық бәсекесіндегі алғашқы автогол болып жұртшылық жадында қалмақ. Футбол сарапшылары финалға жолдама алған қос құрама кездейсоқ келді демейді. Француздар сапалы ойыншыларымен, шақпақ жейделілер жанкешті футболшыларымен ерекшеленді. Расында да хорватиялықтар жанкештілік танытып, 28 минутта жауап голын соғып, есеп теңесті. Бұл керемет доп Иван Перешичтің аяғымен бағытталған еді.