Жаңалықтар

Бурабай: Елбасы «Біржан-Сара» операсын тамашалады

ашық дереккөзі

Бурабай: Елбасы «Біржан-Сара» операсын тамашалады

Мемлекет басшысы Бурабай курортының аумағында, ашық аспан астында өткен композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының қойылымын  тамашалады. «Бурабай» Ұлттық саябағындағы Абылай хан алаңында ұлттық классика жауһары - Мұқан Төлебаевтың Open Air форматында қойылған «Біржан-Сара» қойылымына келген қала қонақтары мен тұрғындарының қарасы қалың. Кеш соңында өнерпаздарға құрмет көрсетіліп, келген көрермен көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.