ӘЧ 2018: Дешам VS Далич
ӘЧ 2018: Дешам VS Далич
Ресей Федерациясында өтіп жатқан футболдан XXI әлем чемпионаты бүгін өз мәресіне жетеді. Топты жарып финалға жеткен Франция және Хорватия құрамалары. Осындай маңызды, байрақты бәсекеде нәтижелі өнер көрсету команда бапкеріне тікелей байланысты екені белгілі. Біз өз кезегімізде Златко Далич пен Дидье Дешам жайлы сөз қозғамақпыз.
«Әу» дегеннен-ақ әлем чемпионы болу бұйыра қоймады. Италияда өткен 1990 жылғы және АҚШ-тағы 1994 жылғы әлем чемпионаттарында Франция құрамасымен бірге Дидьенің де тауы шағылды. 1996 жылы Францияның жыл футболшысы болды. «Ер кезегі үш» деді ме бұл ойыншы 1998 жылы өз елінде өтетін чемпионатқа күш жинап тағы қатысты. Ұлттық құраманың капитаны болған ол Франция құрамасымен бірге алғаш рет әлем чемпионы болып еді.
Златко Далич – футболдағы мансабы көптен ерекшеленбейді. Елудің екеуіне аяқ басқан Далич Кеңестік Югославия (Хайдук) құрамасынан өз карьерасын бастап, тәуелсіз Хорватия (Вартекс) ойыншысы болып аяқтаған. Және осы Вартексте бапкердің көмекшісі болып тренерлік мансабын бастаған. 2005 жылы Вартекс бас бапкері болады. Оcы он екі жыл ішінде 9 команданы жаттықтырып үлгерген. Хорватия құрамасы оныншысы.