Жаңалықтар

Бүгін: Бурабайда «Біржан-Сара» операсы қойылады

ашық дереккөзі

Бүгін: Бурабайда «Біржан-Сара» операсы қойылады

Газетіміздің №28 санында Бурабай өлкесінде «Біржан-Сара» операсының ашық аспан астында қойылатыны жөнінде айтқанбыз. Ақмола облысы əкімінің туризм жөніндегі кеңесшісі Марат Несіпқалиұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында дайындық жұмыстары аяқталғаны жөнінде айтты. Лирикалық-драмалық шығарма негізінде ақын, əнші-композитор Біржан сал мен дарынды айтыскер ақын Сараның айтысы туралы шынайы оқиға баяндалады. Операның бастапқы идеясы шығармашылық тұлғалардың еркіндікке деген күресі, махаббат пен бақытқа деген ұмтылысы. Басты партияларды орындайтындар: Біржан - халықаралық конкурстардың лауреаты Мейір Байнеш, Сара - Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Майра Мұхамедқызы, Жанбота - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Аналық - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Алтынай - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Жиенқұл - Талғат Галеев, Қожағұл - Шыңғыс Расылхан, Серік - Рамзат Балакишиев, Естай - Бейімбет Таңарықов.