Бүгін: Бурабайда «Біржан-Сара» операсы қойылады

Бүгін: Бурабайда «Біржан-Сара» операсы қойылады

Бүгін: Бурабайда «Біржан-Сара» операсы қойылады
ашық дереккөзі
Газетіміздің №28 санында Бурабай өлкесінде «Біржан-Сара» операсының ашық аспан астында қойылатыны жөнінде айтқанбыз. Ақмола облысы əкімінің туризм жөніндегі кеңесшісі Марат Несіпқалиұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында дайындық жұмыстары аяқталғаны жөнінде айтты.  width= Бурабай тқрғындары мен қала қонақтары кешкі сағат 21.30-да «Бурабай» Ұлттық саябағындағы Абылай хан алаңында ұлттық классика жауһары - Мұқан Төлебаевтың Open Air форматында қойылатын «Біржан-Сара» операсын тамашалай алады.  width= Лирикалық-драмалық шығарма негізінде ақын, əнші-композитор Біржан сал мен дарынды айтыскер ақын Сараның айтысы туралы шынайы оқиға баяндалады. Операның бастапқы идеясы шығармашылық тұлғалардың еркіндікке деген күресі, махаббат пен бақытқа деген ұмтылысы.  width= «Біржан-Сара» операсының жаңа музыкалық-сахналық редакциясының авторы - қоюшы режиссер, PhD докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріАсхат Маемиров, қоюшы дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, қоюшы суретшілер - Софья Тасмағамбетова жəне Павел Драгунов.  width= Басты партияларды орындайтындар: Біржан - халықаралық конкурстардың лауреаты Мейір Байнеш, Сара - Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Майра Мұхамедқызы, Жанбота - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Аналық - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Алтынай - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Жиенқұл - Талғат Галеев, Қожағұл - Шыңғыс Расылхан, Серік - Рамзат Балакишиев, Естай - Бейімбет Таңарықов.  width= Сондай-ақ, қойылым тобы: бас хормейстер - Қазақстанныің еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дəуітов. Қоюшы балетмейстер - Мукарам Авахри, техникалық директоры - «Астана Опера» театрының көркемдік-өндірістік кешенінің жетекшісі Виктор Караре. Жауһар туындының жаңа музыкалық-сахналық редакциядағы тұсаукесері осы жылдың көктемінде «Астана Опера» сахнасында өткен болатын. Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асырылып отыр  width=