Жаңалықтар

Жезкиік» музыка фестивалі қалай өтті?

ашық дереккөзі

Жезкиік» музыка фестивалі қалай өтті?

13 шілде күні «Жезкиік» І Халықаралық музыка фестивалінің қатысушылары Ұлытау ауданының Болатсай елді мекенінде өнер көрсетті. 10 елдің өнерпаздары бас қосқан фольклорлық музыкаға арналған кеш арнайы әзірленген этноауылда ұйымдастырылған. Халықаралық фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» және «Туған жер» арнайы жобасы негізінде ұйымдастырылған. Шараға Мексика, Перу, Польша, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Франция, Шотландия, Жапония мен Қазақстаннан 11  фольклорлық ұжым қатысты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Арыстанбек Мұхамедиұлы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтау сөз сөйледі. «Мен үшін мұндай ауқымды шараға қатысу - зор мәртебе. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдаған құттықтауын оқуға рұқсат етіңіздер. «Құрметті ханымдар мен мырзалар! Сіздерді «Жезкиік» І Халықаралық музыка фестивалінің ашылу салтанатымен құттықтаймын! «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан бұл шара еліміздің мәдени саласында елеулі орын алатына сенемін. Сондай-ақ, қазақ халқының фольклорлық өнерін бүкіл әлемге танытады деген ойдамын», - деген Елбасының сөзін жеткізді Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі.