Жезкиік» музыка фестивалі қалай өтті?

13 шілде күні «Жезкиік» І Халықаралық музыка фестивалінің қатысушылары Ұлытау ауданының Болатсай елді мекенінде өнер көрсетті. 10 елдің өнерпаздары бас қосқан фольклорлық музыкаға арналған кеш арнайы әзірленген этноауылда ұйымдастырылған.

Халықаралық фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» және «Туған жер» арнайы жобасы негізінде ұйымдастырылған. Шараға Мексика, Перу, Польша, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Франция, Шотландия, Жапония мен Қазақстаннан 11  фольклорлық ұжым қатысты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

05

«Жезкиік» жыл сайын өтетін халықаралық фестивальге айналатынына сенеміз. Шара сәтті жалғассын деп тілейміз. Қатысушылардың барлығы бір-бірімен жақын танысып, кештен ұмытылмас әсер алды», – деді дәстүрлі француз әндерін орындаушы Nice La Belle тобының музыканттары. «Жезкиік» фестивалінің қатысушыларын арнайы құттықтау үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, ҚР мемлекеттік және әскери қайраткері Мұхтар Алтынбаев, Қазақстанның Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның халық әртістері Бибігүл Төлегенова мен Нұржамал Үсенбаева және т.б. келді.

06

Арыстанбек Мұхамедиұлы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтау сөз сөйледі. «Мен үшін мұндай ауқымды шараға қатысу – зор мәртебе. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдаған құттықтауын оқуға рұқсат етіңіздер. «Құрметті ханымдар мен мырзалар! Сіздерді «Жезкиік» І Халықаралық музыка фестивалінің ашылу салтанатымен құттықтаймын! «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан бұл шара еліміздің мәдени саласында елеулі орын алатына сенемін. Сондай-ақ, қазақ халқының фольклорлық өнерін бүкіл әлемге танытады деген ойдамын», – деген Елбасының сөзін жеткізді Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі.

03

Фестиваль соңында Қарағанды облысының хореографиялық ұжымдарының бишілері қонақтар үшін қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» биледі. Музыкалық кеш «Ұлытау» тобының орындауындағы әнмен аяқталды.

07

Back to top button