Үкімет: Шағын несие бері мәселесі қаралды
Үкімет: Шағын несие бері мәселесі қаралды
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев шағын несие беру міселелері бойынша кеңес өткізді деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Кеңес барысында елдегі шағын несие беру нарығының алдағы дамуы, жеңілдікпен шағын несие берудің инфрақұрылымын құру, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда шағын несие беруге жағдай жасау мәселелері талқыланып, осы жылдың алты айы ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша қол жеткізілген нәтижелер талқыланды.
Кеңесте ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова және ҚР ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев баяндама жасады.
Еске сала кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, шағын бизнесті ашуға, шағын кәсіпорындарды және зәкірлі кооперацияларды құруға, сондай-ақ, әрекеттегі бизнесті дамыту үшін сыйақы мөлшерлемесі 6 пайыз көлемінде 7 жылға дейін несие беріледі.