Жаңалықтар

КӨШЕГЕ БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТЫҢ АТЫН БЕРУГЕ ДАУЫС БЕР

ашық дереккөзі

КӨШЕГЕ БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТЫҢ АТЫН БЕРУГЕ ДАУЫС БЕР

Электронды үкімет порталы сайтында 164 көшенің атауын өзгерту туралы жоба жарияланды. Олардың арасында бір көшенің атауын Батырхан Шүкеновтың атына ауыстыруы мүмкін. 13-шілдеде жарық көрген жоба 27 шілдеге дейін қоғам талқылауында болмақ. Атап айтқанда, Бостандық ауданындағы Алатау шағын ауданында Наурыз көшесіне Батырхан Шүкеновтың атын беруі мүмкін. Электронды дауыс беру жүйесі арқылы Алматылық кез келген тұрғын өз дауысын бере алады. Бұл көше тау жақтан басталып, Үлкен Алматы өзенінің жағалауына дейін созылып жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, Алатау ауданындағы Алғабас шағын ауданында Ақсай көшесіне Фариза Оңғарсынованың атын беру жоспарланған.