Жаңалықтар

ОЙНАСА ДА, БАПТАСА ДА – ЧЕМПИОН!

ашық дереккөзі

ОЙНАСА ДА, БАПТАСА ДА – ЧЕМПИОН!

    Әлем чемпионаты тарихында өзі ойнап та, кейін бапкер болып тағы чемпион болған небәрі екі ойыншы бар. Оның алғашқысы – бразилиялық Марио Загалло. Екіншісі неміс азаматы Франц Беккенбауэр. Ерекше чемпиондар сапы осы мундиальда тағы бір азаматпен толығуы мүмкін. Ол 1998 жылғы әлем чемпионы – Дидье Дешам!     [caption id="attachment_66568" align="aligncenter" width="300"] Кейіннен «Кайзер» лақап атымен таныс Германия құрамасының сапында ойнаған Франц Беккенбауэр де «ерекше чемпион» атанды. 1966 жылы Англияда өткен әлем чемпионатында немістер қосымша минутта алаң иелерінен 4:2 есебімен жеңіліп, күмісті қанағат қылып қайтып еді. Тағы 4 жыл күтіп Мексикадан алтын аламыз деген «Кайзер» командаластары қолаға жетіп жығылды. Германия Федерациясында өткен 1974 жылғы әлем чемпионатында немістер араға 20 жыл салып екінші рет чемпиондық атаққа қол жеткізді. Үш чемпионатқа қатысқан Франц Беккенбауэр команда капитаны бола жүріп, ақыры чемпион болды. Италия жерінде өткен 1990 жылғы әлем чемпионатында «неміс машинасын» ешкім тоқта алмады. Бұл мундиальда Беккенбауэр чемпиондық атаққа құрама бапкері болып жетті. [caption id="attachment_66575" align="aligncenter" width="300"] ФРАНЦИЯ ӘЛДЕ ХОРВАТИЯ? (суретте: 19 жасар француздық жабуылшы Килиан Мбаппе жене Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич)[/caption]