ОЙНАСА ДА, БАПТАСА ДА – ЧЕМПИОН!

   

Әлем чемпионаты тарихында өзі ойнап та, кейін бапкер болып тағы чемпион болған небәрі екі ойыншы бар. Оның алғашқысы – бразилиялық Марио Загалло. Екіншісі неміс азаматы Франц Беккенбауэр. Ерекше чемпиондар сапы осы мундиальда тағы бір азаматпен толығуы мүмкін. Ол 1998 жылғы әлем чемпионы – Дидье Дешам!

 

 

B2eXCou
Марио Загалло; 1958 және 1970 жылдары

Пеленің командаласы 1958, 1962 жылдары қатарынан екі рет чемпиондық атаққа иелік етті. Араға сегіз жыл салып Загалло жасыл алаңға қайта шықты, бұл жолы бапкер ретінде де топ жарды. Осылайша тұңғыш «ерекше чемпион» деген атпен Марио Загалло есімі футбол тарихына алтын әріппен басылды.

 

 

nemis 1

Кейіннен «Кайзер» лақап атымен таныс Германия құрамасының сапында ойнаған Франц Беккенбауэр де «ерекше чемпион» атанды. 1966 жылы Англияда өткен әлем чемпионатында немістер қосымша минутта алаң иелерінен 4:2 есебімен жеңіліп, күмісті қанағат қылып қайтып еді. Тағы 4 жыл күтіп Мексикадан алтын аламыз деген «Кайзер» командаластары қолаға жетіп жығылды. Германия Федерациясында өткен 1974 жылғы әлем чемпионатында немістер араға 20 жыл салып екінші рет чемпиондық атаққа қол жеткізді. Үш чемпионатқа қатысқан Франц Беккенбауэр команда капитаны бола жүріп, ақыры чемпион болды. Италия жерінде өткен 1990 жылғы әлем чемпионатында «неміс машинасын» ешкім тоқта алмады. Бұл мундиальда Беккенбауэр чемпиондық атаққа құрама бапкері болып жетті.

desham
Дидье Дешам; 1998 және 2018 жыл

 

 

Дидье Дешам бұл есім футбол жанкүйерлеріне 1990 жылдан бері таныс. Дешамның футболдағы мансабы ұзақ жылғы еңбекпен келді. «Әу» дегеннен-ақ чемпион болу бұйыра қоймады. Италияда өткен 1990 жылғы және АҚШ-тағы 1994 жылғы әлем чемпионаттарында Франция құрамасымен бірге Дидьенің де тауы шағылды. «Ер кезегі үш» деді ме бұл ойыншы 1998 жылы өз елінде өтетін чемпионатқа күш жинап тағы қатысты. Ұлттық құраманың капитаны болған ол Франция құрамасымен бірге алғаш рет әлем чемпионы болып еді. Енді Дешам Ресейде өтіп жатқан XXI әлем чемпионатында қайта келді. Бұл жолы бапкер ретінде. Бастап келген Франция ұлттық құрамасы финалда! Қарсыластары Хорватия футболшылары. Дидье Дешамның өзі 1998 жылы дәл осы Хорватия құрамасымен жартылай финалда кездесіп еді. Осы кездесуде француздар 2:1 есебімен хорваттардан басым түскен. Енді қос құрама жартылай емес, финалдың өзінде кездескелі тұр. Егер, Франция құрамасы жеңісті жұлып әкетсе, құрама тағы бір рет чемпион, бапкер Дидье Дешам «ерекше чемпион» болмақ.

 

Fra Hor
ФРАНЦИЯ ӘЛДЕ ХОРВАТИЯ? (суретте: 19 жасар француздық жабуылшы Килиан Мбаппе жене Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич)
Back to top button