Хоккей: Талғат Жайлауовпен сынамалық келісімшарт жасалды

«Барыс» хоккей клубы қазақстандық шабуылшымен сынамалық келісімшарт жасасты.  Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін астаналық хоккей клубы бұл туралы ресми сайтында мәлімдеді.

ҚХЛ-дің өткен жолғы тұрақты чемпионатында 33 жастағы форвард 43 матч өткізіп, 14 (9+5) ұпай жинаған болатын. Жайлауов «Барыс» намысын 11 жыл қорғап келеді.

Маусым айынан бері астаналық клубты Қазақстан құрамасымен қатар Андрей Скабелка жаттықтырып жатыр.

Back to top button