Хоккей: Талғат Жайлауовпен сынамалық келісімшарт жасалды

Хоккей: Талғат Жайлауовпен сынамалық келісімшарт жасалды

Хоккей: Талғат Жайлауовпен сынамалық келісімшарт жасалды
ашық дереккөзі
"Барыс" хоккей клубы қазақстандық шабуылшымен сынамалық келісімшарт жасасты.  Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін астаналық хоккей клубы бұл туралы ресми сайтында мәлімдеді. ҚХЛ-дің өткен жолғы тұрақты чемпионатында 33 жастағы форвард 43 матч өткізіп, 14 (9+5) ұпай жинаған болатын. Жайлауов "Барыс" намысын 11 жыл қорғап келеді. Маусым айынан бері астаналық клубты Қазақстан құрамасымен қатар Андрей Скабелка жаттықтырып жатыр.