Ташкентте Шыңғыс Айтматовтың құрметіне көше берілді

Ташкентте Шыңғыс Айтматовтың құрметіне көше берілді

Ташкентте Шыңғыс Айтматовтың құрметіне көше берілді
ашық дереккөзі
Ташкент халық депутаттары қалалық кеңесі Юнусабад ауданындағы Бодомзор йули көшесін қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың құрметіне оның есімін беру жөнінде шешім шығарды. «Өзбек-қырғыз қарым-қатынасында жаңа кезең басталған кезде, Шыңғыс Айтматовтың әдебиетте қалдырған мұрасы біздің халық үшін үлкен маңызға ие», – деп атап өтілген қаулыда. Шыңғыс Айтматов 1995 жылы Өзбекстанның «Дустлик» орденімен, 1998 жылы «Буюк хизматлари учун» орденімен марапатталды. Осыған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойын елде атап өту жөнінде жарлық шығарған. Сонымен бірге арнайы шара аясында естеліктерден тұратын «Шыңғыс Айтматов және Өзбекстан» деп аталатын кітап жарыққа шықпақ. Жазушы жайында деректі фильм де түсірілді. Ташкент облысы, Паркент ауданының №33 мектебінде жазушы мүсіні орнатылды.