Ынтымақтан асқан ырыс жоқ

Ынтымақтан асқан ырыс жоқ

Ынтымақтан асқан ырыс жоқ
ашық дереккөзі
Астанада Kazakhstan Global Investment Roundtable-2018 шеңберінде араб делегациясының кәсіпкерлері мен «Kazakh Invest» ұлттық компания өкілдерінің екіжақты кездесуі өтті. Кездесуде Қазақстан экономикасының басым салаларында араб бизнесінің жаңа инвестициялық жобаларын іске асыру мен ынтымақтастық перспективалары талқыланды. «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қазақстан ел аумағында жұмыс істейтін халықаралық инвесторларға қатысты ашықтық, қорғау және толық сүйемелдеу қағидаттарын ұстанатындықтарын айтты. «Мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы біздің елдің Қазақстандағы бизнесі үшін үлкен бірегей мүмкіндіктер ашады. Біздер Біріккен Араб әмірліктерінен келген компанияларға тұрақты түрде жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Сапарбек Тұяқбаев. Жиын соңында тараптар «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен БАӘ Халықаралық инвесторлар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.