12 Шілде 2018, 13:08 481 0 Қоғам Аяулым САЛЫҚЖАНОВА

Жайылымның да сұрауы бар

Облыста бұрын пайдаланылған жерлерді ауыл шаруашылығы мақсатына қайта қосу бағдарламасы әзірленді.

Жері шұрайлы, топырағы құнарлы Жетісу өңірінде 127 мың гектар алқаптың айналымға қайта қосылуы – диқандар үшін жақсы жаңалық. Оның 72 мың гектары Талдықорғанның, 55 мың гектары Алматы аймағының үлесіне тиеді. 2020 жылға дейін Көксу, Ескелді, Ақсу және Алакөл аудандарында 35 мың гектар суармалы жер пайдалануға беріледі. Ирригациялық жүйелерді жаңартуға арналған ауқымды жобаны бірінші болып Ескелді ауданы қолға алды. Мұнда 4 мың 262 гектар суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік туады. Игілікті іске 1,5 миллиардқа жуық теңге бөлінген. Нәтижесінде ауылшаруашылық өнімдері көбейіп, диқандар қауымының несібесі арта бермек.

Соңғы жаңалықтар